Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысының тәртіп сақшылары балалар үйіне барып қайтты

Ұлытау облысының тәртіп сақшылары Жезқазғандағы балалар үйіне барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күн балаларға қуаныш сыйлаумен қатар, олардың құқығын қорғап, әрқашан қорған болуға үндейтін мереке. Полицияның басты міндеттерінің бірі – балалардың, жасөспірімдердің құқығын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және қайта тәртіп бұзушылыққа жол бермеу, сондай-ақ профилактикалық шараларды жүргізу.

Айтулы мерекеге орай Ұлытау облысының полиция қызметкерлері Жезқазған қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады.

– Балалар – еліміздің жарқын болашағының кепілі. Балаларға жарқын, көңілді, бақытты балалық шақ, мейірімділік пен жылулық тілейміз! Аман-есен ер жетіп, еліміздің елеулі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз, – деді Ұлытау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Ысқақов.


Игі шарада полиция қызметкерлері балаларға ойыншықтар, тәттілер және қажетті заттарды сыйлады. Балалар үйінің жетекшілері мерекелік көңіл-күй сыйлап, қуанышты сәтті бөлісе білген полиция қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру