Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысының ЖҚАЖ қызметкері грэпплинг бойынша Қазақстан кубогында қола медаль жеңіп алды

4 және 5 наурызда Теміртау қаласында ерлер, әйелдер және ардагерлер арасында грэпплинг және грэпплинг Ги бойынша Қазақстан Республикасының ресми кубогы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысының атынан облыс ПД ЖҚАЖ қызметкері Думан Бекмағанбетов қатысты. Өз ісінің кәсіби маманы болумен қатар, Думан көптеген жыл бойы спортпен шұғылданады және республикалық және халықаралық ауқымдағы түрлі жарыстарға қатысып, тамаша нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

Шығыс жекпе-жегімен айналысқан Думан Бекмағанбетов қызмет пен спорттағы жетістіктерге мақсат пен қолдау болған кезде ғана қол жеткізуге болатындығын біледі. Полиция қызметкері Думан Бекмағанбетов Қазақстан кубогында бірнеше жекпе-жек өткізіп, лайықты өнер көрсетіп, қола медаль мен құрметті үшінші орынды жеңіп алды.

– Мені қолдап, әрқашан жеңісіме сенетіндерге көп рақмет. Мен барлық жетістіктерімді сіздерге арнаймын, – деп атап өтті Думан Бекмағанбетов.

Айта кету керек, бұл тәртіп сақшысының осы спорт түріндегі алғашқы жеңісі емес. Ақпан айында Астанада өткен грепплингтен ересектер арасындағы Азия ашық чемпионатында ол жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру