Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау полицейлері лауазымды тұлғаға пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады

Ұлытау облысының полиция департаменті лауазымды тұлғаға пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұндай фактілердің алдын алу мақсатында қазіргі таңда патрульдік полицияның әрбір қызметкері, учаскелік полиция инспекторлары, сондай-ақ олардың қызметтік автокөлігі мен үй-жайлары ақпаратты автоматты режимде беретін заманауи фиксаторлармен жабдықталған. Мәліметтер бірден жедел басқару орталығына түседі.

Лауазымды тұлғаға пара берген азаматтар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жаза мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыруды, параның 20 еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуды не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Жыл басынан Ұлытау облысында полиция қызметкерлеріне пара беру фактілері бойынша екі сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері тарапынан сыбайлас-жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда азаматтар 1424 нөмірі бойынша сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметтің call-орталығына немесе Ұлытау облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының 8-702-630-54-96 сенім телефонына хабарласа алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру