Ұлытау жастары есірткісіз әлемді қолдайды
Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет – нашақорлық. Сол себепті Ұлытау облысы ПД-ның есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Осы орайда тәртіп сақшылары есірткі затын алдын алу бағыттары бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жезқазған қаласында «Нашақорлық және оның қауіпті салдары» тақырыбында Ө. Байқоңыров атындағы университеті және «Тау-кен металлургиялық колледжінің» студент жастарымен полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма бастығының орынбасары Д.Ахметов, Жезқазған қаласы полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің бастығы Ж.Наурызбаев, қалалық ювеналды полиция инспекторларымен, нарколог-дәрігердің қатысуымен есірткіге қарсы профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
– Қазіргі уақытта нашақорлық қоғамдағы маңызды мәселе болып отыр. Жастар арасында нашақорлықтың алдын алудың бір жолы – түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Тәртіп сақшылары мектеп оқушылары мен студенттеріне еріктілермен бірігіп бірнеше тәрбие жұмыстарын жүргізіп келеді. Жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз -дейді Д.Ахметов.
Кездесу соңында студенттер тиісті сала мамандарына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алып, өзара еркін пікір алмасты.