Ұлытауда кадет сыныбының оқушылары ант қабылдады
Ұлытау облысында кадет сыныбының оқушылары ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның кадет сыныбында 25 бала білім алады.
Сынып былтырғы оқу жылында Ұлытау облысы полиция департаментінің бастамасымен және облыстық білім басқармаларының қолдауымен ашылған.
Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Дәулет Молдаханов ант берген кадетшілерді құттықтап, өздеріне алған міндеттемелерін абыроймен орындауға, лайықты білім алу үшін жақсы оқуға шақырды.
Іс-шара аясында оқушылар саптық түзеу, қаруды уақытқа шашып-жинау өнерлерін көрсетіп, патриоттық әндерді нақышына келтіре орындап, көрермендердің көңілінен шықты.