Ұлытауда жас сақшыларға криминалист мамандығы туралы айтылды
Ұлытауда жас сақшыларға криминалист мамандығы туралы айтылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлытау облысы полиция департаментінің Сәтбаев қаласы полиция бөлімінің криминалисі Дәурен Орқа №16 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушыларына, "Жас сақшы" оқу сыныбының тәрбиеленушілеріне, криминалист мамандығы жайлы дәріс оқыды.
Тәртіп сақшысы Дәурен Орқа оқушыларға криминалистиканың қыр-сыры, қылмыс орындарындағы дәлелдерді жинау мен зерттеу әдістері жөнінде әңгімеледі. Сондай-ақ криминалист маманының қылмыстарды ашудағы маңызды рөлін ерекше атап өтті.
Дәріс барысында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, маманнан тұщымды жауаптар алды. Кездесу жастардың құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақ мамандық таңдауларына ой салды.