Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытауда жұмысқа орналастырамын деп алдап, ақша алған күдікті ұсталды

Ұлытау облысында жұмысқа орналастыруға уәде беріп, тұрғыннан алдап ақша алған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәтбаев қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, 2023 жылы «Казақмыс» корпорациясына оператор-программист лауазымына жұмысқа орналастыруға уәде беріп, 400 000 теңге көлемінде ақша алып, алдап кеткен танысы жайлы шағымданды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті  ретінде 30 жастағы Сәтбаев қаласының тұрғыны анықталды.

Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру