Ұмытшақ әйел әшекейінен айырыла жаздады
Павлодар облысында сақина ұрлаған жас жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне қаладағы сауда үйлерінің біріндегі алтын сататын бутикте алтын сақина таңдау кезінде өз сақинасын жоғалтқаны туралы жергілікті тұрғын хабарласқан.
Оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде полиция қызметкерлері әйел адамның сақинасын шешіп, витринаға қойып, бірнеше сақинаны тағып көргеннен кейін өз сақинасын ұмытып, бутиктен шығып кеткенін анықтады.
Осы уақытта витринадағы сақинаны көріп қалған белгісіз жас жігіт бутикке кіріп, оны қалтасына салып алып, бутиктен шығып кеткен.
Жас жігіттің әрекеті дүкенде орналасқан бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Бұл факт бойынша өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел уәкілдер жергілікті тұрғынды ұстады.
Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.