ҰОС ардагері Василий Макиенко 99 жасқа толды
Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Макиенко 99 жасқа толған мерейтойын атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Туған күн иесі – ерлік пен адалдықтың, Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Ардагердің мерейтойына қала әкімі Серік Мұхамадиев арнайы барып, құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде ардагеріміз сияқты тұлғалардың еліміздің мақтанышы екенін және олардың арқасында бүгінгі бейбіт өмірге қол жеткізгенімізді атап өтті. Әкім ардагерге естелік сыйлықтар табыстап, соғыс кезіндегі және елді соғыстан кейінгі дамытудағы ерен еңбегі үшін алғыс айтты.
Құттықтауға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Ерден Балғымбаев та өз жылы лебізін білдіріп, сыйлығын тарту етті. Академия өкілі ардагерге әскери борышы мен патриотизмнің айқын үлгісі үшін шынайы ризашылығын білдіріп, оның ерлігі қазіргі ұрпақты шабыттандыратынын атап өтті.
Василий Макиенко 1926 жылы 24 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Волошинка ауылында дүниеге келген. 1943 жылы ол Қазан ауданының әскери комиссариаты арқылы майданға шақырылды. Ардагердің әскери жолы 44-атқыштар полкінде, 142-атқыштар полкінде және 317-атқыштар полкінде қызмет етумен ерекшеленеді. Ол ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, сондай-ақ "Кенигсбергті алғаны үшін" және "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталды.
Соғыстан кейін Василий Васильевич бейбіт еңбекке кірісті. Ол су құбыры жүйесінде жұмыс істеді, кейін техникалық жабдықтау өндірісін басқару басқармасы басшысының орынбасары болып 13 жыл қызмет атқарды. 1960 жылы зейнетке шықты. Ардагеріміз бүгінде төрт қызы мен сегіз немересіне және алты шөбересіне ақыл-кеңесін айтып келеді.