Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҰОС ардагеріне көшпелі қызмет көрсетілді

Түркістан облысының полицейлері ҰОС-ның ардагерінің үйіне барып, құжаттарын жаңартуға қызмет көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ-нің полицейлерге қоятын басты талаптарының біріхалыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп, ашықтық орнату. Осы бағытта Түркістан облысы Полиция департаменті және оған қарасты қала-аудандық Полиция бөлімдерінде жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мысалы, Полиция департаменті қызметкерлері жүріп-тұруы қиын азаматтар мен қарттардың үйіне барып, құжаттарын жаңартуға қызмет көрсетуін жалғастыруда.

Сарыағаш АПБ көші-қон қызметі бөлімшесінің инспекторы Азамат Диханбаев пен осы бөлімнің бас маманы Маржан Омарова аудандағы карантин режимі кезінде жеке куәлігінің мерзімі өткен, мүгедек және қарт тұрғындарға көшпелі қызмет түрін көрсетіп, олардың үйіне арнайы барып, жеке куәліктерін қайта рәсімдеуге көмектесуде.

Сондай-ақ мобильді топ Ұлы Отан соғысының ардагері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Путин Владимир тарапынан медальдар алған Нұрмахан Алпысбаевтың төлқұжатын рәсімдеп, үйіне дайын жеке куәліктерін алып барып, заңдастырып берді.

Осындай жанашырлыққа, кәсібилікке ардагер риза болып, полицейлерге өзінің алғысын жеткізді. Рахметін айтып, ақ батасын берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру