Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҰОС-да қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке қойылған гүл шоқтарын шашқан теміртаулық ұсталды

Теміртауда Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке қойылған гүл шоқтарын шашқан бұзақы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Теміртау қаласында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан теміртаулық жауынгерлерге арналған ескерткішке қойылған гүл шоқтарын шашқан бұзақының әрекеті қызу талқыға түсіп, желі қолданушылардың наразылығын ттудырған болатын. Мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында бұл бейнежазба полиция қызметкерлерінің назарын аударып, бұзақыны анықтау үшін тиісті жұмыстар жүргізілді.

Бенежазбаларды зерделеу барысында тәртіп сақшылары осы әрекетке қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын анықтады. Оған қатысты учаскелік полиция инспекторларымен әкімшілік материалдар жинақталып, соттың қарауына жіберілді.

Қоғамдық орында ерсі әрекеттер жасап, бұзақылыққа барған азаматқа 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жауапкершілігі қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру