Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҰҚҚКБ-ның қызметкерлері асыл тастарды сатқан күдіктілерді ұстады

Қарағанды облысында ҰҚҚКБ-ның қызметкерлері асыл тастарды сатқан күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде Қарағанды облысы бойынша ҰҚКД-мен және «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісімен бірлесіп, Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері асыл тастарды өндірумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топты ұстады.

Күдікті ретінде Қарағанды қаласының және Павлодар облысының төрт тұрғыны асыл тастарды (аметист, мүкті ақық, зауза ақық, көгілдір ақық, варецит) заңсыз сатып алып, мәміле жасау кезінде Қарағандыдағы кеңседе ұсталды.

Фигуранттар асыл тастардың бір келісін 500 АҚШ долларына бағалаған.

Павлодар облысының екі тұрғыны асыл тастарды Қарағанды қаласының екі тұрғынына беру үстінде ұсталды.

Тастардың заңсыз жолмен Павлодар және Қарағанды облыстарының аумағында далалық жерде өндірілгені анықталды.

Қылмыстық кодекстің 334-бабының 3-бөлігі бойынша (Қылмыстық топ жасаған «жер қойнауын өз бетінше пайдалану») тіркелді, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазан көздейді.

Кеңседе және ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде жарты тоннадан астам (550 кг) асыл тастар, 27 мың АҚШ доллары, 3,5 млн астам ресей рублі, 600 мың теңге, сонай-ақ тастарды өңдеуге арналған жабдық және атыс қаруының оқ-дәрілері алынды.

Полицейлер Қарағанды қаласынан 130 км қашықтықта далада иесіз карьерді анықтады, оның аумағында Қарағанды қаласының бұрын ұсталған тұрғындарының үш көмекшісі ұсталды және тағы 38 кг түрлі асыл тастар алынды.

Қылмыстық іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру