Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрланған көлік иесіне қайтарылды

Шымкент полицейлері ұрланған көлікті тез тауып, иесіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде мазарат қызметкеріне тиесілі ВАЗ-21041 автокөлігін белгісіз тұлға заңсыз айдап кеткен.
63 жастағы жәбірленуші болған оқиға туралы дереу полицияға хабарлаған.
Учаскелік полиция инспекторы Қадыров Қанағат пен Әл-Фараби АПБ-нің ЖПҚ бастығының орынбасары Айсаев Алишер қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарлама алған соң, ізін суытпай аталған мазараттың аумағында тұратын 24 жастағы азаматты ұстады.
Сол күні көлік құралын айдап әкету жайты Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ол бойынша ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталған (автомобильді немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап әкету)).
Күдіктіге ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру