Ұрланған көлік иесіне қайтарылды
Қарағандылық полицейлер ұрланған автокөлікті иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 желтоқсанда Қарағанды қаласы ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне ықшам аудандардың бірінде белгісіз біреудің үйдің ауласында тұрған автокөлікті ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті.
Автокөлік иесіне келтірілген шығын көлемі төрт миллион теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған 35 жастағы күдіктіні ұстады. Ұрланған көлік тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.
Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабымен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.