Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрланған велосипед иесіне қайтарылды

Ұрланған велосипеді өзіне қайтарылған Алматы тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы тұрғыны Рүстем Тоқмалдинов азық-түлік жеткізушісі болып ақша тауып жүрген, велосипедін тез тамақтану желісінің кіреберісіне қалдырып, тапсырысты алу үшін ішке кірген кезде тамақ тасымалдаушы курьер қауіпсіздік тросын бекітпестен, велосипедті асығыс тастап кеткен. Тапсырысты ала сала шыққан жәбірленуші бес минут ішінде велосипедінен айырылғанын түсінген.

– Мен дереу “102” нөміріне қоңырау шалдым, бейнебақылау камераларының жазбасын мекеменің әкімшісінен алдым. Менің велосипедімді ұрлау сәті сол жерде жазылған. “Буран-219” нөмірлі патрульдік экипаждың тез келгеніне қатты қуандым. Келген полиция қызметкерлерімен біз аймақты қарауға шықтық. Тұрғын үйлердің бірінің жанынан біз бейнежазбадан көрген менің велосипедімді ұрлаған жігітті таптық. Ұсталған кезде ол менің велосипедімді 7 мың теңгеге сатып үлгерген, бірақ оның нақты құны 200 мың теңгені құрайды. Велосипедтің көмегімен ақша тауып жүргендіктен мен қатты қамықтым. Бірақ екі күннен кейін маған Медеу аудандық Полиция басқармасынан қоңырау шалып, тәркіленген велосипедті анықтауға шақырды. Табылған велосипед менікі екен, мүлкімнің өзіме қайтарылғанына қатты қуандым. Осыған байланысты мен Алматы қаласының полицейлеріне кәсіби шеберлігі үшін алғыс айтамын, – деді Рүстем Тоқмалдинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру