Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрланған заттары табылған  азаматша қызылордалық полицейлерге  алғысын білдірді

Ұрланған заттары табылған  азаматша қызылордалық полицейлерге  алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 тамызда ҚР ІІМ Байқоңыр қаласы өкілдігінің кезекші бөліміне жергілікті азаматша жүгініп, қол сөмкесінен  ақша мен банк кәртішкелері, оған қоса күйеуінің құжаттары салынған әмиянының ұрланғанын айтқан.

ҚР ІІМ Байқоңыр қаласы өкілдігінің криминалдық полиция қызметкерлері “ізін суытпай” қаскүнемді ұстады. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Ұрланған заттар түгелдей азаматшаға қайтарылды.

– Мен барлық полиция қызметкерлеріне үлкен ризашылығымды білдіремін! Аға жедел уәкіл Мухамбединов Серікке үлкен рахмет, менің арызымды назардан тыс қалдырмады. Қиын жағдайға тап болған маған жақсы көмек бердіңіздер, сол үшін үлкен алғыс айтамын, – деді өңір тұрғыны.

Күдіктіге қатысты ҚP Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру