Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрланған жабағы иесіне қайтарылды

Қарағанды облысының Нұра ауданында бөтен біреудің жабағысын ұрлаған екеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 желтоқсан күні Қарағанды облысы Нұра аудандық полиция бөліміне 38 жастағы аудан тұрғыны хабарласып, ауылдан үш шақырым жерде жайылымда жүрген жылқыларының арасынан құны 150 мың тұратын қара түсті жабағысының жоғалғаны туралы шағымданған.

Аталған жабағы желтоқсан айының 17-19 аралығында жоғалған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында жедел-тергеу тобының қызметкерлері аталған іске қатысы бар деген күдікпен екі азаматты ұстады. Ұсталғандардың екеуі де Қарағанды облысы Осакаров ауданының тұрғындары болып табылады. Күдіктілер қылмысын мойындады. Олардан жабағы тәркіленіп алынды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабына (Мал ұрлау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру