Ұрлық жасауын қоймаған Ақтөбе қаласының тұрғыны бас бостандығынан айырылды
Ақтөбеде жаза өтеу тәртібін бірнеше мәрте бұзып, сауда үйлерінен әйелдер киімін ұрлауды қоймаған әйел бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қаласының тұрғыны, Т. есімді әйел Ақтөбедегі сауда үйлерінен әйелдер киімін ұрлағаны үшін істі болып, 2021 жылы сот шешімімен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметіне есепке алынған болатын. Есепке алынған күннен бастап пробация қызметкерлері Т. есімді азаматшамен жаза өтеу талаптары және тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бірақ есепте тұрған азаматша пробация қызметкерлерінің талабына құлақ аспай, жаза өтеу тәртібін бұзады. Сот белгілеген міндеттерді орындамағаны үшін азаматша ол бас бостандығынан айырылып, жазасын Атырау қаласындағы әйелдер түрмесінде өтейді.
Кейін ҚР ҚК-нің 73-бабына сәйкес жазасы неғұрлым жеңілдетіліп, яғни жазасы бас бостандығын шектеу түріне ауыстырылып, Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметіне есепке алынады. Бұл жолы да пробация қызметкерлері есепке алынған азаматшаға қолдау көрсетеді, яғни бірнеше рет әлеуметтік құқықтық көмектер: бірреттік әлеуметтік жәрдемақы, денсаулығына байланысты медициналық көмек алуына ықпал етеді. Сонымен қатар, тұрақты жұмысқа тұрғызады. Бірақ сотталған азаматша өз еркімен жұмыс жасаудан жазбаша түрде бас тартады.
Өткеннен сабақ алмаған азаматша Т., өзіне берілген ескертулер мен жеңілдіктерді ескермей, бас бостандығын шектеу жазасының тәртібін өрескел бұзуды бұдан кейін де жалғастырады. Осыған байланысты пробация қызметкерлерінің ұсынысы сотпен қанағаттандырылып, сотталған Т.есімді азаматша Ақтөбе қаласының №2 Сотының қаулысымен бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жасасына ауыстырылып, 3 жылға сотталды.
– Есепте тұрған азаматша пробация қызметінің тарапынан өзіне берілген ескертулерге қарамастан, бірнеше мәрте құқық бұзушылықтар жасап, ол үшін бірнеше мәрте жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар пробация бақылауына тіркелуге келмей қойған күндері де болды. Түзелу жолына түсуіне, сабақ болу мақсатында аталған сот процесіне қылмыс жасауға бейім тәуекел тобында тұрған пробация қызметінің есебінде тұрған басқа да сотталғандары қатыстырылды, – дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы Светлана Малайдарова.