Ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды
Ақтөбе қаласында ұрлыққа қатысы бар 29 жастағы тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 қыркүйекте полицияға Ақтөбе қаласының 60 жастағы тұрғыны белгісіз адамның 21 қыркүйекте дүкеннен ет тартқыштың қосалқы бөлшектерін ұрлап кеткені туралы шағыммен жүгінді. Шығын 33 мың теңгені құрады.
Іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Ақтөбе қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады.
Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде .
Полиция департаменті мүліктің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету мақсатында үй-жайлар мен объектілерді бейнебақылау құрылғыларымен және басқа да техникалық құралдармен жабдықтау қажеттілігін ескертеді.