Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрлықшы әйел әшкереленді

Танысының телефонын жымқырған әйелдің әрекеті әшкере болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарқан ауданының полициясына жүгінген 34 жастағы тұрғын қонақта болған кезде «Самсунг» маркалы телефонының қолды болғаны туралы арыз жазған. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде телефонды иесіне қайтарып берді.

– Зардап шегушінің өз танысының үйінде ішімдік ішкені және үстел үстінде тұрған телефоны қолды болғаны анықталды. Қылмысқа қатысы бар адамды анықтау барысында Сарқан ауданы Екіаша ауылында тұратын 1986 жылы туған әйелге назар аударылды. Күдіктіден жоғалған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды, – деді Сарқан ауданы ПБ тергеушісі Ернар Асқарұлы.

Тексеру барысында күдіктінің танысының бейқамдығын пайдаланып, қараусыз қалған телефонын ұрлап алғаны белгілі болды.

Тергеушінің ақпараты бойынша, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталған соң, іс бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру