Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрылар зауыт аумағынан 2 млн теңгенің тауарын қолды қылған

Қызылордада кірпіш зауытына 2 млн теңгеден астам шығын келтірген ұрылар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 57 жастағы қала тұрғынынан кірпіш зауытына белгісіз біреулердің ұрлыққа түскені туралы арыз келіп түсті.
Белгісіз азаматтар кірпіш зауытының ауласында орналасқан қойманың есігінің құлпын бұзу арқылы ұрлыққа түсіп, бой тасалаған.

Келтірілген шығын 2 миллион теңгеден астам соманы құрады.

Ұрлық фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізген полиция қызметкерлері 23 және 24 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар өз кінәсін толық мойындады.

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру