Үш апта бұрын ұрланған велосипед Қарағанды тұрғынына қайтарылды
Үш апта бұрын ұрланған велосипед Қарағанды тұрғынына қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
31 тамызда 59 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне жүгінді. Ол көпқабатты үйдің кіреберісінен белгісіз біреу велосипед ұрлағанын айтты. Келтірілген шығын көлемі 70 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
23 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 32 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Ұрланған велосипед тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.