Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Үш буынды модель құру» Президент жолдауын полицейлер қолдады

«Үш буынды модель құру» Президент жолдауын полицейлер қолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.Бейсенов атындағы академиясында студенттерге білім беру процесі бойынша өткізілген жиынға қатысты.

Аталған шарада негізгі басымдық Президент Қ.Ж.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда енгізілетін сот төрелігінің үш буынды моделі тақырыбына берілді. Мұндай тәсіл тепе-теңдік жүйесін нығайтып, әр кезеңде тиімді саралау жүргізіп отыруға мүмкіндік берілмек.

ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастамасымен бастау алған іс-шарада жедел-криминалистикалық блоктың жұмысына жетекшілік ететін тергеу, анықтау қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын іске асыру кезіндегі мәселелерді шешу тәжірибелерімен бөлісті.

Одан бөлек, болашақ тергеушілер мен анықтаушыларға оқыту кезінде Заңның үстемдігін қамтамасыз ету бойынша елдің стратегиялық даму басымдықтары, ең бастысы Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігіне кепілдік беру түсіндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру