Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұшақ бортында темекі шеккен шетелдікке айыппұл салынды

Ұшақ бортында темекі шеккен шетелдікке айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаменті қызметкерлерімен жыл басынан бері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе кемесінен 351 азамат түсірілді. Оның ішінде қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін – 173, ұшақ бортында темекі шеккені үшін – 136, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 19 және т.б.

Мәселен, Инчхон – Астана бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін елорда әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзған жолаушы әйелді анықтап, ұстады.

Тексеру барысында Ресей Федерациясының 49 жастағы азаматшасы әуе кемесінің дәретханасында темекі шеккені анықталды.

Шетелдік әйел әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, ұшақта темекі шегу – бұл ережелерді бұзу ғана емес, сонымен қатар борттағылардың барлығына қауіп төндіру болып табылады. Сондықтан өзіңізге және басқа да жолаушыларға қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету үшін белгіленген ережелерді сақтау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру