Үшарал-Достық трассасы қайта жабылды
Алматы облысының полицейлері ауа райының қолайсыздығы туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Үшарал-Достық автожолының бір учаскесіндегі қозғалыс қатты боранға байланысты уақытша тоқтатылды. Атап айтқанда, Көктұма елді мекендері мен Алматы облысындағы Достық станциясы арасындағы республикалық автожолдың учаскесі тоқтатылды, өйткені қатты боранның салдарынан көріну мүмкіндігі шектелген.
– 2020 жылдың 18 желтоқсаны күні ауа райының нашарлауына байланысты Республикалық маңызы бар Үшарал – Достық автожолында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды. Ерекше қауіпті учаскелер 84 және 184 шақырымдар арасы, онда қатты боран жүріс бөлігіне қарай соғуда. Сонымен қатар, боранды жел көріну мүмкіндігін нөлге теңестірді, – деп хабарлайды Алматы облысы ПД ӘПБ бастығының міндетін атқарушы Серікжан Абжанов.
Осыған байланысты Алматы облысының Полиция департаменті аталған қауіпті учаскелерде патрульдейтін сыртқы қызметтердің күшейтілген жұмыс режиміне көшу туралы шешім қабылдады.
– Жүргізушілерді алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайлар туындаған сәтте көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүру қажеттілігі жайында ескерткім келеді. Жақын таныстарыңызға өзіңіздің жол жүретіндігіңіз жайында хабарлағаныңыз және мүмкіндігінше ұзақ сапар жасамағаныңыз абзал. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!, – дейді өз сөзінде Абжанов.