Үшінші қабаттан секірмек болған 70 жастағы ер адамды полицейлер құтқарып қалды
Атырау облысында үшінші қабаттан секірмек болған 70 жастағы ер адамды полицейлер құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 мамыр күні сағат 14:00 шамасында Нұрсая мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің үшінші қабатында белгісіз егде жастағы ер адамның қылтимадан аяғын шығарып тұрғандығы жөнінде 102 арнасына хабарлама түскен.
Хабарламаға дер кезінде учаскелік полиция инспекторлары Серік Жұмырғожиев Аслан Аманғалиев барып, 70 жастағы ер адамды құтқарып қалды. Қазіргі уақытта егда жастағы ер адамның үйде кілттеніп қалғаны және жалғыз болғандығы анықталды.