Үштөбеде учаскелік инспектор ұрлықты «ізін суытпай» ашты
Үштөбеде учаскелік инспектор ұрлықты «ізін суытпай» ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 4 қаңтарында сағат 13. 30 шамасында Қаратал АПБ кезекші бөліміне Үштөбе қаласында салынып жатқан нысанның қоймасынан есіктерді бұзу арқылы ұрлықтың орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.
Оқиға орнына жеткен учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны А.Х.Хамза қылмыстың «ізін суытпай» бір сағат ішінде күдікті 26 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдіктіден ұрланған мүліктің негізгі бөлігі: 40 метр мыс кабелі, 141 дана «Теле-2» симкартасы, екі модем, дәнекерлегіш үтік және т. б. тәркіленді.
Күдікті қылмыс жасағанын мойындап, екі күн бойы барлау жүргізгенін, объектіні ешкім күзетпейтініне көз жеткізіп, есікті бұзып, ұрлық жасағанын жеткізген. Бір қызығы, ұсталған адам бұрын біреудің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған. Қазір ол ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау оқшаулағыша қамаққа алынды.