Ұялы телефон ұрлаған азамат ұсталды
Қарағанды облысында бөтен біреудің автокөлігінен қымбат бағалы ұялы телефон ұрлап кеткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 қазан күні Абай аудандық Полиция басқармасына Абай қаласының 29 жастағы тұрғыны хабарласып, жиырма минутқа өзінің автокөлігін қараусыз қалдырып кеткен кезде белгісіз біреудің оның көлігінен ұялы телефонын ұрлап кеткені туралы шағымданған.
Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 350 мың теңгені құрады.
17 қараша күні полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 41 жастағы азаматты ұстады, ол қылмысын мойындады.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.