Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұялы телефон ұрлығы «ізін суытпай» ашылды

Қызылордалық полицейлер ұялы телефон ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қаңтарда Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғынынан ұялы телефон ұрланғаны туралы арыз түсті. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 375.000 теңгені құрайды. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері телефон ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады. Ол 36 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті ұрланған ұялы телефонның қабынан Каспи голд картасын тауып алып, супермаркеттердің бірінен 15 000 теңгеге азық-түлік сатып алған.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру