Ұялы телефонды ала қашқан азамат ұсталды
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында полиция қызметкерлері бөтен адамның сеніміне кіру арқылы ұялы телефонын алдап алып кеткен азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 қарашада Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция бөліміне 32 жастағы қала тұрғыны хабарласып, дүкендердің бірінде белгісіз азаматтың қоңырау шалуға телефонын сұрап алып, қашып кеткені туралы шағымданды.
Келтірілген шығын көлемі 70 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар 34 жастағы күдіктінің «ізін суытпай» ұстап, ол қылмысын мойындады.
Қазіргі таңда бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасуда.