Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Василий Скляр Павлодар облысы ПД бастығының орынбасарын таныстырды

Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Павлодар облысының полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалған Сафуан Жампейісовты таныстырды.

Бұған дейін Сафуан Жампейісов Ұлытау облысы ПД-да дәл осындай лауазымда қызмет атқарған.

Ведомство басшысы Сафуан Жампейісовтың осы саладағы мол тәжірибесіне тоқталып, облыстың аумақтық полиция бөлімшелерінің практикалық қызметіне енгізіліп жатқан министрлік әзірлеген жаңалықтар бойынша әлі де атқарылатын жұмыстардың бар екенін атап өтіп, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру