Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Велосипед ұрлаған 2 ер адам ұсталды

Велосипед ұрлады деген күдікпен кеншілер қаласының екі тұрғыны ізін суытпай ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының полициясына қала тұрғыны оның үйінің кіреберісінен “тұраққа қойылған” екі велосипед жоғалып кеткенін айтты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29-30 жастағы кеншілер қаласының екі тұрғыны ізін суытпай ұсталды. Бұрын сотталған күдіктілер сату мақсатында екі дөңгелекті көлік құралдарын ұрлап кеткен. Бірақ олар өздерінің қылмыстық жоспарын жүзеге асыра алмады. Полиция тәркіленген велосипедтерді заңды иесіне қайтарды.

Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын қырағылық танытуға және өз мүлкін сақтау шараларын ұстануға шақырады.

Велосипедтерді қараусыз қалдыруға болмайды, соның ішінде үйлердің кіреберістеріндегі баспалдақ алаңдарында. Қажет болған жағдайда арнайы жабдықталған тұрақтарды пайдалану, доңғалақтарды бекіту құрылғысымен бұғаттау және тұрақ орны бейнебақылау жүйесімен жабдықталғанына көз жеткізу. Пайдаланылған велосипедті құжатсыз сатып алмаңыз. Есіңізде болсын, бұл жағдайда сіз ұрланған көліктің иесі болу қаупі бар.

Велосипед ұрланған жағдайда дереу жақын жердегі полиция бөліміне немесе “102” телефонына хабарласу керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру