Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Велосипед ұрлаған ақтөбелік қолға түсті

Тұрғынның ауласынан велосипед ұрлаған ақтөбелік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 мамырда 44 жастағы қала тұрғыны Береке көшесінде орналасқан үйдің ауласынан еркін қол жеткізу жолымен Урал велосипедін ұрлап кеткен.

Қаскүнем қақпаның ашылғанын пайдаланып, аулаға кіріп, велосипедті кедергісіз ұрлады. 36 жастағы жәбірленуші велосипедтің жоқтығын байқап, полицияға хабарлаған.

Полиция қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізу кезінде күдіктіні анықтап ұстады, ол өз кінәсін толық мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті сақ болуды, велосипедті үйдің кіреберісінде бекітусіз қалдырмауды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру