Велосипед ұрлаған ақтөбелік қолға түсті
Велосипед ұрлаған ақтөбелік қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz
4 тамызда қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан велосипед ұрлығы туралы арыз келіп түсті. Қоңырау шалушы велосипедін дүкендердің бірінің қасында қалдырып кеткенін айтты.
Бейнебақылау камералары күдіктіні анықтай алмаған. Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде 37 жастағы ақтөбелік ұсталды. Ұсталған азамат дүкендердің бірінің жанынан өтіп бара жатып, бекітілмеген велосипедті көріп, айдап әкеткенін айтты. Ұрланған велосипед иесіне қайтарылды.
Аталған іс бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.