Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Велосипед ұрысы ұсталды

Ақтөбе облысында ауыл тұрғынының велосипеді ұрланып, ұры иесіне тиесілі затын қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байғанин ауданы Ноғайты ауылындағы үйлердің бірінің ауласынан 43 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі қара түсті «КАМА» маркалы велосипед ұрланды. Шығын 20 000 теңгені құрады.

Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 36 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлімі «Ұрлық« бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұрланған зат иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта велосипед ұрлығының алдын алу мақсатында Ақтөбе облысының ЖП қызметкерлері «Велосипед» базасы құрылды. Бұл базаға ерекше белгілері, маркасы, типі, түсі, шығарылған жылы, рама типі, иесі туралы мәлімет, өндіруші елі және т.б. қосымша ақпараттар енгізіледі.

Аталған іс-шаралар велосипед ұрлығын ашуға полицияға көмектеседі, өйткені велосипед кімге тиесілі рама нөмірлері бойынша білуге болады. Велосипедтерді сату орындарында сауда орындарының иелерімен ұрланған жағдайда енгізілген нөмір бойынша одан әрі табу үшін жасырын орындарда жеке нөмір бере отырып, жаңа велосипедтерді есепке қою қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Полиция қызметкерлері тағы да ескертеді: қырағы болыңыз және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, өз мүліктеріңізді сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолданыңыз.

Велосипедтер, телефон және әмияндармен қатар қылмыстық қол сұғушылыққа бейім. Әсіресе қазіргі уақытта олардың құнының өсуіне байланысты ұрлық фактілері орын алуда.

Негізінен велосипедтерді тонау жұмыс күндерікөп қабатты үйлердің баспалдақ алаңдарынан және жеке меншік үйлердің аулаларынан және ауылдық мекендерден ұрланады, азаматтар өздерінің велосипедтерін қараусыз қалдырып, өз мүлкін сақтау бойынша тиісті шаралар қолданбайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру