Видео: Ірі мөлшерде есірткі сақтаған қойма анықталды
Атырау полицейлері есірткі қоймасының орналасқан жерін анықтады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі қоймасы қаланың екі қабатты тұрғын үйлердің бірінде орналасқандығы анықталды.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан бейнеге шұғыл арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлері есірткі қоймасының кіре берісін сындырып, кірген. Есірткі заттарының ірі партиясы, сондай-ақ медициналық шприцтердің қорабы тәркіленді.
Сараптама қорытындысы бойынша анықталған сұйықтық экстракциялық опий болып табылады.
Ұсталғандар Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4 – бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл бап 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Өткен жылы Атырау полициясы есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 142 құқық бұзушылықты анықтады. 13 келіден астам есірткі өнімі тәркіленді.