Видео: Кезекті қулық: тергеу изоляторына айранның ішінде есірткі өткізбек болды
Қызылорда облысында қамаудағы азаматқа бөтелке ішіне өткір иісті шөп алып келген күдікті ұсталды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері сотталғандарға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізбек болған адамның қулығын әшкереледі. ҚАЖ мекемесінде отырған тергеу-қамауындағы азаматқа келген танысының сәлем- сауқатынан 1 литр ыдысқа құйылған айранның ішінен 2 дана полиэтилен пакетке оралған зат табылды.
Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың «кептірілген марихуана» екені анықталды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297- бабы 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу )бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.