Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Взвод қызметкері қоян-қолтық ұрыстан бірінші орын иеленді

Шымкент қаласының Полиция департаменті ғимаратының күзет взводының қызметкері қоян-қолтық ұрыстан бірінші орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың желтоқсан айында Ақтөбе қаласында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе қаласы Заң институтының тыңдаушылары арасында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өткізілді. Жарыс спорттың төрт түрінен өтті, оған 100-ден астам спортшы қатысты.

Аталған іс-шараға Шымкент қаласы ПД ғимараты күзет взводының қызметкері Бекжанбай Әбілқасым қатысып, 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қоян-қолтық ұрыс бойынша үздік атанды.

– Полицияда жұмыс істеу-менің бала кезімнен арманым. Менің жеңісім ең алдымен жақсы дайындықтың нәтижесі, ол үшін мен Шымкент қаласының ПД ғимаратын күзету взводының командирі Александр Ганибаевқа тәлімгерлігі және патриоттық рухта тәрбиелегені үшін ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін рахмет!, – деді Бекжан Әбілқасым.

Айта кету керек, Шымкент қаласы ПД ғимаратын күзету взводының командирі Александр Ганибаев ҚР ІІМ-нің Шымкент қаласындағы Б.Момышұлы атындағы заң колледжінде бірнеше рет тыңдаушыларға патриоттық сипаттағы тәрбие және криминалистика тақырыптары бойынша дәрістер оқып, білім беру мекемесі басшылығының грамотасымен марапатталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру