Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ынтымағы жарасқан Сазды ауылы

Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Сазды ауылында 2023 жылдан бастап алкоголь өнімдері сатылмайды. Осы уақыт ішінде ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауылда 93 отбасы, жалпы 500-ден аса адам тұрады. Тұрғындардың негізгі кәсібі – мал шаруашылығы мен егіншілік. Жергілікті халықтың айтуынша, ауылдағы татулық пен қауіпсіздіктің сақталуына учаскелік полиция инспекторы Жеңісбек Төребайдың профилактикалық шаралары зор ықпал еткен.

Бүгінде ауылда екі дүкен жұмыс істейді, бірақ олардың ешқайсысы алкоголь өнімдерін сатпайды. Учаскелік инспектор ауыл тұрғындарымен, ақсақалдармен, әкімдік өкілдерімен, мектеп ұжымы және ата-аналармен тығыз байланыс орнатқан. Сонымен қатар ауыл әкімшілігімен бірлесіп, мал жаю жүйесін ұйымдастыруға атсалысқан.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Жеңісбек ауылға келгеннен кейін құқық бұзушылық азайып, халық алкогольден толық бас тартқан. Ол мектеп қызметкерлерімен де тығыз байланыста жұмыс істеп, оқушылар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, тұрақты түрде рейдтер ұйымдастырады.

Қарапайым халықтың ортасында жүріп, қоғамдық тәртіпті қадағалайтын полиция капитаны өнегелі отбасының отағасы. Жан жары екеуі екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру