Ыстық картоп ішінен телефон табылды
Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты РУ-170/1 мекемесіндегі сотталғанның біріне ыстық картоптың ішіне әйел жасырып телефон кіргізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қабылдау және кездесу бөлмесінің қызметкерлері айыпталушылар мен сотталғандардың сәлемдемесін тексеру барысында бес литрлік пластикалық бөтелкенің ішіндегі ыссы картоптың арасына жоспарлы түрде ойластырылып салынған сары скотчқа бірнеше рет оралған «Inoi» маркалы ұялы телефоны анықталып, тәркіленді.
Қазіргі таңда сәлемдеме жолдаған әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-тармағы (қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша әкімшілік іс қозғалып, құжаттар қалалық әкімшілік сотқа жөнелтілді.