Ыстықкөлге барған Алматы делегациясындағы балалалар спартакиадаға қатысты
Ыстықкөлге барған Алматы делегациясындағы балалалар спартакиадаға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұрын хабарланғандай, Алматы полициясының қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлерінің балалары, көпбалалы отбасының балалары мен мүмкіндігі шектеулі балалар Ыстықкөлге демалуға барды. Балаларды сауықтыру бағдарламасы аясында футбол, волейбол, пионербол және жүзуден спартакиада ұйымдастырылды.
Спорттық шараның ашылуы салтанатты түрде өтті. Алматы құрамасының өкілі каратэден ката көрсетті. Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің балалары суда жүзу мен футболдан жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Алматылық делегацияның психологы көл жағасында демалып жатқан балалармен бірге экстремалды жағдайларда балаларды дұрыс әрекет етуге үйрететін «Батпырауық жұмыртқасы» психологиялық ойынын өткізді.