Ақмола облысында ювеналды полиция қызметі атқарып жатқан жұмыстарын көрсетті
Қазақстанда 2011 жылдан бері ювеналды полиция күні аталып өтеді. Бұл күн – балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғауға бағытталған қызметтің маңыздылығын еске салатын ерекше дата, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ювеналды полиция қызметкерлері тек тәртіп сақшысы ғана емес, сонымен қатар қиын жағдайға тап болған балалардың қамқоршысы, кеңесшісі және сенімді тірегі.
Көкшетау қаласында ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторы Қуат Қажымов пен аға учаскелік инспектор Жанат Маныбаев өздерінің бір күндік қызметін көрсетті. Олар күнделікті өмірде қандай қиындықтарға тап болатынын және өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қалай көмектесетінін бейнеледі.
Ақмола облысы полиция департаментінің ювеналды полицияның ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айнагүл Қуандықованың айтуынша, бүгінде өңірде ювеналды қызмет саласында 74 қызметкер жұмыс істейді. Олар күн сайын кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға үлес қосуда.
Ювеналды полиция қызметкерлерінің жұмысы – бұл тек заңды сақтау ғана емес, сонымен қатар үлкен жүрек пен мейірімділікті талап ететін маңызды міндет. Олар балалардың қауіпсіздігі мен болашағы үшін аянбай еңбек етуде.