Заң бұзған шетелдіктер жауапқа тартылды
Түркістан облысындп «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәуліктік жұмыc нәтижелері шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының бесінші тәулігінде облыс бойынша Қазақстан Республикасына келу, болу және ҚР-нан кету Ережелерін бұзған барлығы – 604 шетелдік пен ҚР-сы азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: 349-ы шетелдік, 255-і ҚР азаматтары. Аталған құқық; бұзушылардың 93-і не әкімшілік айыппұлдар салынып, ал өзге елдердің 51 азаматы сот шешімдерімен ел аумағынан шығарылған. Шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен – 220 адам, сондай-ақ шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған – 35 Қазақстан Республикасының азаматтары анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша және 519-бабы (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершіліктері қаралды.
Бұдан бөлек, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру жұмыстары бойынша екі дерек анықталып, қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 394-бабымен (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
«Мигрант» іс-шарасы өз мәресіне жетті. Дегенмен алдағы уақыттарда да бұл бағыттағы іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.