Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заң мен тәртіп: Ақтөбеде ауқымды гарнизондық сап түзеу өтті

Ақтөбеде ауқымды гарнизондық сап түзеу өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

26–28 тамыз аралығында облыс көлемінде "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Осыған орай Ақтөбе қаласының орталық алаңында полицияның кешенді күштері гарнизондық сапқа тұрғызылды.

Полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов өз сөзінде азаматтарға ілтипатпен қараудың, қызметтік міндеттерді орындауда сервистік үлгіні басшылыққа алудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол халыққа жан-жақты қолдау көрсетудің және Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігінің талаптарын қатаң орындаудың қажеттігіне ерекше тоқталды.

Сапқа түзу рәсіміне қалалық мәслихат депутаттары мен еріктілер де қатысып, тәртіп сақшыларына қолдау көрсетті. Қоғамдық тәртіпті нығайтуда ерекше көзге түскен патрульдік полиция, ювеналды полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторларға алғыс хаттар табысталды.

Шараның қорытындысында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері саптық даярлық деңгейін көрсетіп, алаңды салтанатты маршпен жүріп өтті.

Гарнизондық сап түзеуден соң тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жол қозғалысы тәртібін сақтауға бағытталған өз міндеттеріне кірісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру