Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заң мен тәртіп — басты назарда: Павлодарда маңызды кездесу өтті

ҚР ІІМ делегациясы Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің жеке құрамымен жұмыс кездесуін өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінде ҚР ІІМ Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбековпен жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің ІІМ кеңейтілген алқа отырысында қойған тапсырмаларын орындау аясында өтті.

Кездесу барысында Өмірзақ Болсамбеков заңдылықты міндетті түрде сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту және тәлімгерлік институтын дамыту сияқты қызметтің басым бағыттарына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ патриоттық тәрбиеге, кәсіби этика қалыптастыруға және полиция мен халық арасындағы өзара әрекеттесуге арнайы назар аударылды.

— Қоғамдық сенімді нығайту, кадрлармен жұмыстың тиімділігін арттыру, “Заң мен Тәртіп” қағидаларын қатаң сақтау – ішкі істер органдарының қызметіндегі негізгі бағдарлар. Әр қызметкердің қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілікті түсінуі маңызды, – деді Өмірзақ Болсамбеков.

Сонымен қатар Заң мен Тәртіп қағидаларын жүзеге асыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтық қоғаммен серіктестік қатынастарды дамыту мәселелері қаралды.

Кездесудің соңында ардагер қызметке деген адалдығы үшін жеке құрамға ризашылығын білдіріп, жас қызметкерлердің алдынғы буын дәстүрін абыроймен жалғастыратынына сенім артты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру