Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заң мен тәртіп – басты талап: Қостанай облысы ҚАЖ департаментінде кеңес өтті

Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 2025 жылда атқарылған жұмыс қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңеске ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары Н.Рыспаев төрағалық етті. Жиын барысында департаменттің есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі қаралып, анықталған кемшіліктер мен алдағы кезеңге қойылған мақсат талқыланды. Сондай-ақ министрдің алқа жиында берген тапсырмалары айтылды. ҚАЖК өрағасының орынбасары заң мен тәртіп қағидасын қатаң сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес қызмет атқарудың маңыздылығын атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша жеке құрамға қойылған міндеттерді сапалы орындау, қызметтік тәртіпті күшейту және жұмыс тиімділігін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Жиын қорытындысы бойынша қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізен бірқатар қызметкер марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру