Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заң мен тәртіп: Павлодар облысы полиция департаментінде жедел кеңес өтті

Павлодар облысы полиция департаментінде жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінде Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаевтың төрағалығымен 2025 жылдың қорытындылары мен алдағы жылға арналған міндеттер бойынша жедел кеңес өтті. Кеңес жұмысына департамент бастығы мен оның орынбасарлары, басқармалар мен дербес бөлімшелердің басшылары, жеке құрам қатысты.

Павлодар облысында қоғамдық орындардағы қылмыс деңгейінің тұрақты төмендеу динамикасы байқалады. Жыл басынан бері тонау, бопсалау, ұрлық және зорлау сияқты санаттар бойынша құқық бұзушылықтар санының азайғаны тіркелді.

Сондай-ақ мас күйінде жасалған қылмыстар мен отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың да төмендеуі байқалады. Бұл оң көрсеткіштер полицияның кешенді профилактикалық жұмысының нәтижесі.

Өңірде бейнебақылау жүйелері кеңінен қолданылуда, құқық бұзушылыққа бейім азаматтармен мекенжайлық профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес полиция қызметкерлері “Заң мен тәртіп” қағидатын, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға “нөлдік төзімділік” саясатын іске асыруды жалғастырып, өңірдегі қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда.

Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, ведомствода облыс жолдарындағы жол-көлік оқиғалары санының артқаны хабарланды.

Өткен жылы 1151 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Олардың қатарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған, республикалық маңызы бар автожолдардағы, сондай-ақ мас күйінде жасалған апаттар бар. Өткен жылы полиция 1573 мас жүргізушіні ұстады. Барлық құқық бұзушылар заңды жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыс биыл да күшейтілді.

Қорытындылай келе, Мұхтар Қожаев Ішкі істер министрінің тапсырмаларын жеткізіп, алдағы кезеңге арналған жұмыстың басым бағыттарын айқындап, қызмет басшыларына нақты міндеттер қойды.

Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр қойылған барлық міндеттердің белгіленген мерзімде және тиісті деңгейде орындалатынын атап өтті. Сонымен қатар басшылар мен жеке құрамның қызметтік тәртіпті, кәсіби этика нормаларын сақтауға және азаматтармен сыпайы, дұрыс өзара іс-қимыл жасауға ерекше назар аудару қажеттігін ескертті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру