Заң мен тәртіп – полиция жұмысының негізгі қағидаты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдағы айрықша рөліне тоқталып, олардың халық алдындағы мемлекеттің тікелей өкілі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы айқындаған "Заң мен тәртіп" қағидаты алдағы реформалар кезеңінде полиция қызметінің басты бағдары болып қала бермек. Осы міндеттерді түсіндіру және жүзеге асыру бағытында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Президенттің бағдарламалық сөзіндегі осы және өзге де негізгі тұжырымдарды Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Абылғазы Ғабдуллин жауынгерлік және қызметтік даярлық сабақтары барысында жеке құрамға түсіндіруде.
Сонымен қатар ұлт сапасын жаңғыртуға бағытталған әлеуметтік-құндылықтық күн тәртібінің маңызы атап өтілді. Атап айтқанда, "Адал азамат" идеологиясын ілгерілету, лудомания, нашақорлық және тұрмыстық зорлық-зомбылық секілді әлеуметтік кеселдермен күресті күшейту мәселелері көтерілді.
Ғабдуллиннің айтуынша, Президент тапсырмалары аясында қызметтік тәртіп бұзушылықтарға қарсы ымырасыз күрес жүргізу, қылмыстарға тек ден қоюмен шектелмей, олардың алдын алуға басымдық беру — полиция жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып айқындалды.
