Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Заң мен Тәртіп": Қызылордада ашық есік күні ұйымдастырылды

Қызылорда облысы полиция департаментінде "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру мақсатында ашық есік күні ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында департаменттің материалдық-техникалық мүмкіндіктері, заманауи жабдықтар, арнайы көліктер мен криминалистикалық құрал-жабдықтардың көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Шараның ашылуында Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров сөз сөйлеп, полиция жұмысының ашықтығы мен қоғаммен тығыз байланысының маңыздылығын атап өтті. Ол жастар мен тұрғындарға тәртіп сақшыларының қызметі, техникалық әлеуеті және қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заманауи тәсілдер туралы айтып өтті.

Көрме барысында криминалистикалық зерттеулер мен техникалардың қолданылу тәсілдері таныстырылып, келушілерге полиция қызметкерлері тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара құқық қорғау органдарының халықпен ашық және сенімді қарым-қатынаста жұмыс істеуін көрсететін маңызды қадам болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру