Заң мен тәртіп: Қызылордада полиция қызметкерлері брифинг өткізді
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Тоқтыбаев және жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ердаулет Жаукеевтің қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Брифинг барысында өңірдің тәртіп сақшыларымен қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет – алаяқтықпен, есірткі қылмысымен күрес бағытында жыл басынан атқарылған жұмыстары қорытындыланды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі профилактикалық жұмыстарды күшейтуді және осы бағытқа қоғамды жұмылдыруды, жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың жолын кесіп, жергілікті жерлерде құқық тәртібін қамтамасыз етуді тапсырып, 2025 жылды "Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде" деп жариялады.
Ішкі істер органдарының аумақтық бөліністерінің басшыларына профилактикалық шараларды күшейту және азаматтардың құқықтық санасын арттыру бойынша нақты міндеттерді жүктеп, заң мен тәртіпті нығайту мақсатында қылмысқа қарсы күресті жалғастырып, заңды құрметтейтін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді түрде қорғауды қамтамасыз ететінімізді атап өтті.
Осы ретте Серік Тоқтыбаев облыс полициясының жыл басынан бері атқарған нәтижелі жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.
Департамент өз құзыреті шегінде нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы күресте қажетті шаралар қабылдауда. Есепті мерзімде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласымен 19 құқық бұзушылық, оның ішінде 5 есірткі өткізу және 14 теріс қылық
анықталды. Заңсыз айналымнан 58 келіге жуық есірткі, оның ішінде 31,3 келі марихуана, 284 грамм гашиш тәркіленіп, 1 фито-зертхана анықталып, қызметі толықтай жойылды.
Сондай-ақ Қызылорда обылсының полиция департаментінің қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қызылорда облысы Сырдария ауданының 40 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өзінің үйінде есірткі затын аса ірі мөлшерде сақтап, қарасора өсірумен айналысқан. Кейін оны таратуды көздеген.